Follow Us: rss twitter vk facebook

Әбу Сәрсенбаев

1905 жылы 15 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ботақан ауылы — 1995 жылы 25 қарашада Алматы — ақын, жазушы. Қазақстанның халық жазушысы (1996). Ұлы Отан соғысының ардагері. Парасат орденінің иегері.

17:35
КӨЛ ЖИЕГІНДЕ
КӨЛ ЖИЕГІНДЕ

Тұрмын көлдің жиегінде
Көз жасындай мөлдіреген.
Ақ бұлтқа малтығып ай
Сығалайды тастөбеден.


Сиреп жұлдыз аспандағы
Сорғалайды сүңгіп көлге.
Жалт-жұлт ойнай көк жүзінен
Құйылғандай күміс теңге…


Көл ұйқыда,
Айлар бойы
Көрмеген бір рақат тауып,
Тек толқындар тынысымен
Толқып торғын ауық-ауық…


Күншығыстан туымыздай
Қызыл қанат таң арайлап,
Топшысының еркін лебі –
Еседі самал түнекті айдап.


Желпи тастап көл бетіне
Нұрлы қызғылт манарысын,
Жайдары жүз жас сұлудай
Көтерілді іргеден күн.


Назданып күн шапағына
Үлбірейді гүл құбылып.
Сайрайд бұлбұл бұталардан
Бүршік жарған гүлге үңіліп.


Шық моншағы жапырақта
Жарқырайды бейне маржан.
Ақ үкілі алма ағаштар
Көлге үңілген биік жардан…


Қандай көркем көктем таңы,
Балатон сенің жиегіңде!
Толқыныңдай соғар еркін
Азат мадьяр жүрегі де!


Тұрмын көлге көзім тігіп,
Көз жасындай мөлдіреген.
Жарқын өмір бейнесіндей
Көтерілді күн іргеден.



Тихани,
1945
Категория: Стихи на русском языке | Просмотров: 1206 | | Теги: КӨЛ ЖИЕГІНДЕ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Name *:
Email:
Subscription:1
Code *: