17:22 БАЛАТОН ТАҢЫ |
БАЛАТОН ЖЫРЛАРЫ БАЛАТОН ТАҢЫ Тұрмын көлдің жиегінде
Көз жасындай мөлдіреген. Көктем жібек лебіменен Аялайды көлді іргеден. Төбемде аспан тұнып қалған Көк барқыттан киіп перде. Құйылады көк жұлдызы Көлге бейне күміс теңге. Көл манаурап ай нұрына Тосады да торғын төсін, Өргізеді ерке баяу Наз күлкілі толқын көшін. Жылдар бойы айырылған ол Күндіз, әсте түн тыныштан. Алтын арай таң келеді Мейірімді күн шығыстан. Серпілді түн. Күрең нұрменм Сүйді-дагы көлді иектен, Көтерілді жайдары жүз Күн күлімдеп көк жиектен. Шомылып күн шапағына Үлбіреді гүл құбылып, Бұталарға қонды бұлбұл Бүршік жарған гүлге үңіліп. Мөлтілдейді шық моншақтар Жапырақта бейне маржан. Ақ желекті алма ағаштар Көлге еңкейіп биік жардан. Сәнденеді жас арудай Жүзін көрген шар айнадан. Оқ күркірі кеткен ұзап Бей-жай, рақат бар айналаң... Күл, Балатон, біз әкелген Жарқын таңның реңінде, Толқыныңдай шаттық толы Азат Мадьяр жүрегінде. Балатон жиегі, 1945 жыл
|
|
|
| Всего комментариев: 0 | |



